🥳 Достар! Caravan of Knowledge командасы Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Өткен жыл әртүрлі оқиғаларға, соның ішінде STEAM білім беру тақырыбына толы болды.
Біздің команда «STEAM білім беруді дамытудың жол картасын» іске асыруды жалғастыруда. Біз еліміздің әртүрлі мектептерінің мұғалімдері мен директорларынан тұратын делегацияны жинадық және қараша айында олар АҚШ-тағы STEAM білім берудің озық өкілдерінен жаңа тәжірибе алу үшін Атланта қаласына NCSSS конференциясына барып келді! Біздің басты жетістіктеріміздің бірі - осы жылдың қыркүйек айында өткен PRO.NRG Fest фестивалін өткізу. Оған біз еліміздің үздік мамандарын да, әлемнің басқа 10 елінен озық мамандарды да әкеле алдық! Бұл фестивальге көптеген адамдар қатысты: ата-аналар, балалар, мұғалімдер және ғылымға қызығушылық танытқан барлық адамдар. Бұл үшін алғыс білдіреміз және сізге ұнады деген үміттеміз!
Post #549
273
