TGViewer
Caravan оf Knowledge Caravan оf Knowledge @caravanofknowledge · 533 subscribers
Post #490 612
Проза жазуды ұнататын болсаңыз, шығармашылық байқаудан өтіп, Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінің Жастар Әдебиеті шеберханасына қатысыңыз!

Шеберхананың қатысушылары:
🔸 Жастарға қызықты жанрлардың заңдылықтарымен, әңгіменің композиция түрлерімен танысады;
🔸 Психологиялық, мистикалық, фантастикалық, шытырман оқиғалы, детективті әңгімелерді, постмодернистік ертегілерді жазып үйренеді;
🔸 Бір-бірінің әңгімелерін оқып, талқылайды және орысша жазатын құрдастарымен кездеседі.

Байқауға қатысу үшін:
1️⃣ Қазақ тілінде жазылған бір әңгіменізді жіберіңіз. Көлемі Microsoft Word файлындағы 3 беттен аспауы керек;
2️⃣ Сонымен қатар бұл файлда үміткердің өтінімі және «Неліктен Жастар әдебиеті шеберханасында оқығым келеді?» атты эссе (көлемі жарты бет) болуы керек;
3️⃣ Өтінімде үміткердің аты-жөні, жасы, тұратын мекені, мекенжайы, оқу орны (сыныбы, курсы, мамандығы), ұялы телефоны, e-mail көрсетілуі тиіс.

Курс 2022 жылдың сәуір-маусым айларында екі аптада бір рет қазақ тілінде онлайн түрде өтеді. Ұзақтығы - екі сағат.

❗️Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні — 1 сәуір. Жұмыстарыңызды litshkola@gmail.com электрондық поштасына жіберіп, хат тақырыбына «Шеберхана» деп көрсетіңіз.

15-21 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Курста тек 15 қана орын бар. Шеберханада жазылған үздік шығармалар курстың соңында жарияланатын жинаққа енеді.
  • 👍 1
More from @caravanofknowledge
  1. Sep 14, 2026Что такое креаномика и почему о ней стоит говорить уже сегодня? 18 сентября People&Project…
  2. Sep 11, 2026🧠 CARAVAN OF KNOWLEDGE приглашает на вводную лекцию «Что такое мышление и каким оно бывае…
  3. Sep 7, 2026Вышел восьмой выпуск Central Asia STEAM Journal 📘 Новый номер собрал практические кейсы о…
  4. Aug 17, 2026ART & CRAFT KIDS: рисуем акрилом 🎨 На этом мастер-классе дети пишут картину акриловыми кр…
  5. Feb 5, 2026Инвестиция в лидерство, которая окупится стократно 🌍💼 Пока другие проведут каникулы в га…
  6. Nov 17, 2025⚡️ Дорогие педагоги! После двух предыдущих модулей нашего курса по использованию ИИ в обра…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →