24-25 қыркүйек күндері Алматыда CS4K жобасының «Мән-мағынаға қайта үңілетін уақыт» атты қорытынды конференциясы өтеді.
Екі күн бойына ашық пікір алмасып, бір-біріміздің тәжірибемізбен танысамыз: бастамалардың неден басталғаны, қандай қиындықтарға тап болғаны, ненің нәтиже бергені, ненің нәтиже бермегені және ең бастысы — нәтиже бірден көрінбегенде жұмысты жалғастыруға не көмектесетіні туралы сөйлесеміз.
Слайдтарды парақтап, толығырақ мәлімет алыңыз, мына сілтемеге өтіп тіркеле қалыңыз: https://forms.cloud.microsoft/e/4SWWea28wr
«Мән-мағынаға қайта үңілетін уақыт» қорытынды конференциясы «Азаматтық қоғам үшін Қазақстан» (CS4K) жобасы аясында өтеді.
Жобаны IWPR және «ИНМИР» ҚҚ Еуродақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асырады. Оның мазмұнына IWPR мен «ИНМИР» ҚҚ ғана жауапты және онда айтылған пікірлер Еуропалық Одақтың көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.
Post #1748
204






