TGViewer
КГА 🇰🇿 КГА 🇰🇿 @caa_kaz · 3.61K subscribers
Post #6452 534
Air Astana әуе компаниясы Оманға жаңа бағыттарды іске қосады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.
Air Astana әуе компаниясы Оманға екі жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастайды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 23 қазанынан бастап Алматы – Салала бағыты бойынша аптасына 1 рет (жұма күндері), ал 24 қазаннан бастап Астана – Салала бағыты бойынша аптасына 1 рет (сенбі күндері) Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен рейстер орындалады.
Қазіргі уақытта Оманға Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы рейстер орындайды.
Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
  • 👍 1
More from @caa_kaz
  1. Oct 9, 2026Авиакомпания Air Astana запускает новые маршруты в Оман Комитетом гражданской авиации Мини…
  2. Oct 9, 2026photo post
  3. Oct 7, 2026В Астане обсуждены перспективы развития авиационной отрасли и сотрудничества Казахстана и…
  4. Oct 7, 2026video post
  5. Oct 7, 2026Астанада авиация саласын дамыту және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық пе…
  6. Oct 6, 2026Казахстан и Оман укрепили правовую основу для развития воздушного сообщения 6 октября 2026…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →