TGViewer
КГА 🇰🇿 КГА 🇰🇿 @caa_kaz · 3.61K subscribers
Post #6427 541
Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстанның халықаралық маршруттық желісін кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары жалғасуда.
Осыған орай, 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы Астана – Бангкок (Таиланд) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.
Осылайша, жаңа әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны 4 бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды.
анықтама:
Қазіргі уақытта Таиландқа мынадай бағыттар бойынша рейстер орындалады:
Алматы – Пхукет, аптасына 7 рейс (Air Astana);
Алматы – Бангкок, аптасына 9 рейс (Air Astana – 6, Thai AirAsia X – 3);
Шымкент – Бангкок, аптасына 2 рейс (SCAT).
Екі мемлекеттің астаналары арасындағы жаңа әуе бағыты туристік және іскерлік сапарлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
  • 👍 1
More from @caa_kaz
  1. Sep 30, 2026Открывается прямое авиасообщение между столицами Казахстана и Таиланда Продолжается работа…
  2. Sep 29, 2026Открывается авиасообщение между Алматы и Лангкави Продолжается работа по расширению междун…
  3. Sep 29, 2026Алматы мен Лангкави арасында әуе қатынасы ашылады Халықаралық маршруттар желісін кеңейту ж…
  4. Sep 29, 2026Казахстан представил опыт внедрения биометрических технологий на симпозиуме ICAO TRIP Пред…
  5. Sep 29, 2026photo post
  6. Sep 29, 2026Қазақстан ICAO TRIP симпозиумында биометриялық технологияларды енгізу тәжірибесін ұсынды Қ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →