TGViewer
КГА 🇰🇿 КГА 🇰🇿 @caa_kaz · 3.6K subscribers
Post #6371 363
Анықтама

FAA (АҚШ Федералды авиация басқармасы) –азаматтық авиация саласындағы АҚШ-тың федералды органы, ол сондай-ақ International Aviation Safety Assessment (IASA) бағдарламасы шеңберінде шетелдік мемлекеттердің авиациялық билігінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес азаматтық авиация қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету қабілетін бағалайды.

IASA (International Aviation SafetyAssessment) бағдарламасы аясында FAA мемлекеттерге екі санаттың бірін береді: Category 1(CAT 1) – FAA тиісті мемлекеттің азаматтық авиация қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесінің ИКАО-ның қолданыстағы стандарттарына сәйкестігін белгілегенін білдіреді. CAT 1 бұл мемлекеттің әуекомпанияларына АҚШ-қа ұшудыбастау үшін қажетті рәсімдерден өтуге, сондай-ақ американдық әуекомпаниялармен бірлесіп рейстерді пайдалану (code-share) туралы келісімдерге қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте CAT 1 болуы өздігінен АҚШ-қа рейстерді орындау үшін жеке рұқсат болып табылмайды: әуекомпания АҚШ-тың басқа да қолданылатын реттеуші талаптарын орындауы тиіс. Қазақстан үшін Category 1 алу FAA тарапынан ұлттық азаматтық авиация қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесінің IASA бағдарламасы шеңберінде бағаланатын ИКАО-ның қолданыстағы стандарттарына сәйкестігін мойындауын білдіретін болады. Бұл ретте CAT 1 нақты әуекомпанияның немесе жеке әуе кемесінің қауіпсіздігін бағалау болып табылмайды.

IASA шеңберінде FAA мемлекеттің авиациялық билігінің азаматтық авиация қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды тиімді жүзеге асыру қабілетін, оның ішінде заңнаманы, нормативтік базаны, ұйымдастырушылық құрылымды, техникалық персоналдың біліктілігін, сертификаттауды, тұрақты қадағалауды және анықталған қауіпсіздік мәселелерін жоюды бағалайды.
More from @caa_kaz
  1. Sep 21, 2026Справочно FAA (Федеральное авиационное управление США) – федеральный орган США в сфере гра…
  2. Sep 21, 2026В Казахстане стартует аудит IASA Федеральной авиационной администрации США по открытию пря…
  3. Sep 21, 2026photo post
  4. Sep 21, 2026Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қа…
  5. Sep 19, 2026Сотрудники Комитета гражданской авиации вышли на субботник Сотрудники Комитета гражданской…
  6. Sep 19, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →