Бір үйде жылдар бойы тұрып, тіпті көршілермен амандаспай өте шығатын кездеріңіз болды ма? 😬
Осындай жағдайлар азайып, тұрғындар арасында тату көршілік мәдениеті дамуы үшін BI Group тұрғындармен бірге баршаға ортақ құндылықтарды айқындады.
Қазақстанның 7 қаласынан келген 120-дан астам белсенді тұрғын Астанада бас қосты. Гарвард бизнес мектебінің профессорының қатысуымен олар жайлы әрі үйлесімді орта қалыптастыратын маңызды қағидаларды талқылады.
Нәтижесінде тұрғындардың өздері таңдаған төрт негізгі құндылық анықталды👇🏼
🔹 Ортақ мүлікке өз үйіңдей қарау
Таза кіреберіс, ұқыпты лифт, күтімді аула. Мұның бәрі әр адамның жауапкершілігінен басталады. Ортақ орындарға ұқыптылықпен қарасақ, барлығына жайлы жағдай жасалады.
🔹 Әр әрекеттегі ізгілік
Көршімен амандасу, есік ашып беру, жылы жүзбен қарсы алу. Осындай қарапайым қадамдар үйдегі жағымды атмосфераның негізін қалайды.
🔹 Өзара көмек тату көршіліктің негізі
Жақсы көрші әрдайым жанынан табылады. Қажет кезде көмектесу, кеңес беру, мәселені бірге шешу арқылы сенім артып, ауызбіршілік қалыптасады.
🔹 Өмірге шабыт сыйлайтын орта
Жайлы орта әр тұрғынның үлесінен құралады. Өз идеясын ұсынып, ортақ іске белсенді араласу арқылы барлығына қолайлы кеңістік жасауға болады.
Ал сіз үшін осы құндылықтардың қайсысы ең маңызды?
Ойыңызды пікірлерде бөлісіңіз👇🏼
