Әрбір жан бақытты аңсайды. Бірақ шынайы, мәнгі, таусылмас бақыт не екенін біле бермейді. Ал бақыт иманда. Осыған біздің арнамыздағы уағыздардан көз жеткізе аласыз.
Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ біреуі екіншісін өлтіріп, екеуі де Жәннатқа кірген екі кісіге күледі. (Олардың) бірі Аллаһ жолында шайқасып жүріп мерт болған. Содан кейін Аллаһ өлтірген (кісіні) тәубеге келтіріп, ол да Исламды қабылдап, шәһид болды», – деп айтты», – деген (Бухари мен Муслим).
✍ Мусғаб ибн Сағдтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сендерге (іштеріңдегі) әлсіздерің себепті ғана жәрдем көрсетіліп, ризық берілмей ме?» – деген (әл-Бухари).
✍ Абу Айюб әл-Ансори (Аллаһ оған разы болсын): «Бір кісі Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Уа Аллаһтың елшісі! Маған бір қысқа өсиет айтыңызшы», – деп (өтінді). (Сонда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Намазға тұрғаныңда оны (дүниемен) қоштасушының намазындай оқы, ертең өзің сол үшін ақталуың керек болатын сөз айтпа, және адамдардың қолындағыдан түгел күдер үз», – деп айтты», – деді (Ахмад, Ибн Мәжаһ).
How can I read @baqyt_kilti without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР have?
ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР (@baqyt_kilti) has 2.49K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.