Тарихи сәт!
Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңіп әлемдік рейтингте көш басына шықты🎾🇰🇿
Теннистен АҚШ-та өтіп жатқан US Open «Үлкен Дулыға» турнирінде Елена Рыбакина ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Жен Цинвэньді (Қытай) 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп кетті. Осы жеңістің арқасында теннисшісіміз жартылай финалға шығып қана қоймай, әлемдік рейтингте бірінші орынға (алдағы дүйсенбіде жаңартылады) көтерілді.
Енді ол 1/2 финалда Кори Гауфф (АҚШ) немесе Мирра Андреева (Ресей) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.
Айта кетейік, осы турнирде Арина Соболенко (Беларусь) 2024 және 2025 жылдары жарып, биыл алтыншы мәрте қатарынан жартылай финалға өткен болатын.
27 жастағы Елена Рыбакина бұған дейін өз мансабында 2022 жылы «Wimbledon» және 2026 жылы «Australian Open» бәсекесін жеңіп алған болатын.
US Open турнирінің жалпы жүлде қоры 108 млн АҚШ долларын құрайды. Ал отандасымыз жартылай финалға шыққанның арқасында 1 млн 450 мың АҚШ доллар сыйақыға ие болды.
✍️ДРС
Post #2630
451

- 🔥 4
- 👏 3
- 👍 1