TGViewer
Ayan Tolegen Ayan Tolegen @ayanlive · 1.45K subscribers
Post #2493 522
Ең мықты команда – 🇰🇿Қазақстан! 🇰🇿Қазақстан! 🇰🇿Қазақстан!

🥊🇰🇿Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Әлем кубогында ТОП-3-ке енді

Бокстан 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңі ресми түрде мәресіне жетті.

44 елден 300 боксшы қатысқан додада Қазақстан құрамасынан 17 отандасымыз жүлдеге таласып, жалпы есепте үздік үштікке енді.

🥇🇰🇿Санжар Тәшкенбай (50 келі)
🥇🇰🇿Абылайхан Жүсіпов (70 келі)
🥇🇰🇿Айбек Оралбай (+90 келі)
🥇🇰🇿Назым Қызайбай (54 келі)
🥇🇰🇿Виктория Графеева (60 келі)


Қандай жайттар тіркелді?

🆕70 келідегі Абылайхан Жүсіпов барлық қарсыластарынан бір бас жоғары болып, алғаш рет топ жарды.

🆕Назым Қызайбай Әлем кубогында 2 салмақта (48 келі және 54 келі) топ жарған алғашқы отандық боксшы атанды.

🆕Виктория Графеева Әлем кубогында 3 дүркін чемпион атанған (Қазақстан, Бразилия, Қытай) алғашқы отандық боксшы.

🥊Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай екінші мәрте Әлем кубогында топ жарды.

🇰🇿Қазақстан құрамасы Әлем кубогындағы екінші үздік көрсеткішін тіркеді.

Жалпы есеп:

1️⃣🇨🇳Қытай - 🥇5 алтын, 🥈1 күміс,🥉3 қола
2️⃣🇰🇿Қазақстан - 🥇5🥉3
3️⃣🇺🇿Өзбекстан -🥇4🥈3🥉4
🇫🇷Франция - 🥇2🥈2🥉4
🇮🇳Үндістан -🥇1🥈3🥉2
🇧🇷Бразилия -🥇1🥈2🥉1
🇺🇸АҚШ - 🥇1🥈1
🇦🇿Әзербайжан - 🥇1🥉2
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Англия -🥈2🥉2
🇮🇹Италия -🥈2🥉1
🇧🇬Болгария -🥈1🥉1
🇩🇪Германия -🥈1
Тайпей -🥈1
🇨🇦Канада - 🥈1
🇵🇱Польша - 🥉6
🇯🇴Иордания -🥉2
🇰🇷Оңтүстік Корея -🥉2
🇪🇸Испания -🥉2
🇦🇺Аустралия -🥉1
🇮🇷Иран -🥉1
🇲🇩Молдова -🥉1
🇲🇽Мексика - 🥉1
🇹🇭Таиланд - 🥉1

✍️ДРС
  • 👍 9
  • 👏 3
  • 🔥 2
More from @ayanlive
  1. Sep 27, 2026Мушкетеры сказали - мушкетеры сделали Еще задолго до Азиатских игр на казахстанских фехтов…
  2. Sep 27, 2026ГИМН НАДО СПЕТЬ🇰🇿🇰🇿🇰🇿
  3. Sep 27, 2026Только из-за таких моментов и придумали величавшее слово «камбэк». Браво, пацаны! Проигрыв…
  4. Sep 27, 2026Наши фехтовальщики в финале Азиады🇰🇿🔥 Qazsport покажет в прямом эфире в 14.40 - обязате…
  5. Sep 27, 2026Пока вы все спали, у нас золотая медаль! Ясмина Токсанбаева стала чемпионкой Азиатских игр…
  6. Sep 24, 2026Кирилл Проходов пробил себе дорогу в финал Азиады! А биться за золото он будет с легендарн…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →