Аса ауыр салмақтағы қазақтар
Дәстүрді жалғастырып, шетелдегі қандастарымыз туралы айтамыз.
Сіз Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында аса ауыр салмақта 9 қатысушының 4-еуі қазақ екенін білесіз бе?!
Иә, біздің әлем чемпионымыз Айбек Оралбайдан бөлек, Өзбекстан құрамасы сапында Арман Маханов, Қытай атынан этникалық қазақ Данабек Байқоныс шаршы алаңға шығады. Ал жарыс қожайындарының намысын Бекнұр Қали қорғап жатыр.
Бір қызығы, Айбек, Бекнұр және Арман жеребенің бір жағында орналасқан. Кейінгі екеуі бүгін өзара жұдырықтасып, қай женгені Айбек Оралбайға қарсылас атанбақ. Данабек жеребенің өзге бөлігінде тұр.
Меніңше, бұл керемет жағдай. Қаншама қазақ жігіттері аса ауыр салмақта жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.
Post #2348
13.3K

- ❤ 8