💥🥇Екінші алтын!
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германиядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды.
500 метр қашықтықтағы жеңісінен кейін отандасымыз 1500 метрде де үздік атанды. Шумекова бұл қашықтықты 1:56.06 уақыт көрсеткішімен аяқтап, жеке рекордын жаңартты.
Күміс жүлде 1:56.36 нәтижесімен австриялық Джанин Роснерге бұйырса, жапониялық Аяно Секигучи (1:57.97) қола медаль иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова дәл осы чемпионатта 500 метр қашықтықта да жеке рекордын тіркеп, алтын медаль жеңіп алған болатын.
Жарайсың, Кристина!🇰🇿
Post #2284
394
Ayan Tolegen Кристина Шумекова стала чемпионкой мира по конькобежному спорту среди юниоров Это произошло в немецком Инцелле, событие состоялось на дистанции 500 метров - время 38,48 секунды. К слову, этот показатель стал её новым личным рекордом. Последний раз в спринте…
- 🔥 11
- 👍 2
- ❤🔥 1