🥊🇰🇿Бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластарымыз белгілі
Бокстан 3-13 желтоқсан күндері аралығында Дубайда (БАӘ) өтетін IBA ұйымының ерлер арасындағы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті.
Жаһандық додада Қазақстан құрамасы барлық 13 салмақта да өкілдерін қосты.
📍48 келі. 22 боксшы
🇰🇿Теміртас Жүсіпов 1/8 финалда Гаурав Соланки (Үндістан) - Али Нгванда (Танзания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Финалға дейін ең қиын қарсылас жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Эдмонд Худоян (Ресей) болуы мүмкін.
📍51 келі. 27 боксшы
1/16 финал
🇰🇿Даниал Сәбит - Майна (Кения)
Ширек финалда Париж Олимпиадасының 1/4 финалисі Патрик Чиниембамен (Замбия) жұдырықтасуы мүмкін.
📍54 келі. 34 боксшы
1/16 финал
🇰🇿Сәкен Бибосынов - Кеорапетц (Ботсвана)
📍57 келі. 33 боксшы
🇰🇿Оразбек Асылқұлов 1/16 финалда Джозеф Кваджо (Фиджи) - Сачес Да Силва (Кабо-Верде) жүбының жеңімпазымен кездеседі.
📍60 келі. 42 боксшы
1/16 финал
🇰🇿Серік Теміржанов - Эрдэнэбатын Цэндбаатар (әлем чемпионатының қола жүлдегері, Моңғолия)
📍63,5 келі. 38 боксшы
🇰🇿Ертуған Зейнуллинов 1/16 финалда Мичелл Лидерман (Аустралия) - Даваадалай Алтангерел (Моңғолия) жұбының жеңімпазымен жолығады.
📍67 келі. 38 боксшы
1/16 финал
🇰🇿Санатәлі Төлтаев - Гералд Кабинда (Замбия)
1/8 финалда Бразлия өкілімен және ширек финалда Олимпиада чемпионы Асахуджа Муйдинхуджаевпен айқасуы ықтимал.
📍71 келі. 36 боксшы
🇰🇿Абылайхан Жүсіпов 1/16 финалда Артём Арутюнян (Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Армения) - Цаесар (Индонезия) жұбының қай жеңгенімен шығады.
📍75 келі. 42 боксшы
🇰🇿Сабыржан Аққалықов 1/16 финалда Касилилика (Танзания) - Коусин (Сейшель аралы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
📍80 келі. 39 боксшы
1/16 финал
🇰🇿Ерасыл Жақпеков - Зоуграна (Бурунди)
📍86 келі. 26 боксшы
1/16 финал
🇰🇿Дәулет Төлемісов - Батагело Соуза Рамон (Бразилия)
1/8 финалда әлем чемпионы Акмалжон Исроилов және 1/4 финалда әлем чемпионы Шарапутдин Атаевпен (Ресей) жолығуы мүмкін.
📍92 келі. 27 боксшы
1/16 финал
🇰🇿Нурмагамед Юсупов - Жафоев (Тәжікстан)
1/8 финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Энмануэль Рейеспен (Испания) жолығуы мүмкін.
📍+92 келі. 27 боксшы
🇰🇿Нұрлан Сапарбай 1/8 финалда Иман Рамезанпоур Делвар (IBA, Иран) - Eсмаели Вандаеж (Иран) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
1/4 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давид Чалоянмен жолығуы мүмкін.
Айта кетейік, биылғы додаға 108 елден 428 боксшы тіркелді.
Post #2053
590
- 🔥 5
- 👍 2
- ❤ 1