🥊🇰🇿ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДАҒЫ БОКСШЫЛАР АЛҒАШ РЕТ ЖОЛЫҒА МА?
Бүгін бокстан Семей қаласында Қазақстан чемпионатының шешуші жекпе-жектері өтеді.
📍50 келі
Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе обл)🆚Даниал Сәбит (БҚО)
2024 жылғы Қазақстан чемпионатының финалында Даниал Сәбит басым түскен.
📍55 келі
Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл)🆚Сәкен Бибосынов (Түркістан обл)
2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында Сәкен шығудан бас тартты.
📍60 келі
Жексен Бейбарыс (Жамбыл обл)🆚Серік Теміржанов (Павлодар обл)
2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында Бейбарыс басым түсті. Ал 2020 жылы Қазақстан чемпионатының 1/4 финалында Серік жеңіске жеткен.
📍65 келі
Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл)🆚Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау обл)
2021 жылы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған турнирде Санатәлінің мерейі үстем болды.
📍70 келі
Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды обл)🆚Фарух Тоқтасынов (Алматы қ)
2025 жылы Болгарияда «Странджа» және 2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында Абылайхан жеңіске жетті.
📍75 келі
Сабыржан Аққалықов (БҚО)🆚Тимур Нұрсейітов (Астана қ)
2025 жылы Болгарияда «Странджа» турнирінің финалында Тимур жекпе-жекке шығудан бас тартты.
📍80 келі
Ерасыл Жақпеков (Абай обл)🆚Диас Молжігітов (Жамбыл обл)
Өзара кездеспеген
📍85 келі
Дәулет Төлемісов (Ақтөбе обл)🆚Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қ)
Өзара кездеспеген
📍90 келі
Сағындық Тоғамбай (Түркістан обл)🆚Нурмагамед Юсупов (Қарағанды обл)
Сағындық 2023 жылы 2 мәрте Нурмагамедті жеңген.
📍+90 келі
Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл)🆚Аслан Еділбайұлы (Қызылорда обл)
Өзара кездеспеген
Пресс-служба ДРС
Post #1980
408
- ❤ 3