TGViewer
Ayan Tolegen Ayan Tolegen @ayanlive · 1.46K subscribers
Post #1970 460
🥊🇰🇿Шиеленіске толы жартылай финал

Санаулы сәттен кейін бокстан Семей қаласында Қазақстан чемпионатының жартылай финалы басталады.

📍Күндізгі сессия. 14:00

1️⃣60 келі. 4-жұп

Жексен Бейбарыс (Жамбыл обл)🆚Дәулет Молдашев (Абай обл)

Өзара кездеспеген.

Осы жұпта Жексен фаворит болғанымен, Дәулеттің де бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, былтырғы Қазақстан чемпионы. Екіншіден, жарыс өз жерінде өтіп жатыр. Үшіншіден, ширек финалда көп күш жұмсамай, 1-раундта жеңіске жетті.

2️⃣60 келі. 5-жұп

Оразбек Асылқұлов (Ақмола обл)🆚Серік Теміржанов (Павлодар обл)

2020 жылы Қазақстан чемпионатының финалында кездесіп, Серік басым түскен. Биылғы бәсекеде қос боксшы да қарсыластарынан бір бас жоғары өнер көрсетіп жатыр.

3️⃣70 келі. 7-жұп

Фарух Тоқтасынов (Алматы қ)🆚Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан обл)

Өзара кездеспеген.

Фарухтың физикалық шыдамдылығы және Мұхаммедсабырдың әр раунд сайын қарқынын арттыратынын ескерсек, кім жеңетіні белгісіз.

4️⃣80 келі. 9-жұп

Санжар-Али Бегалиев (Шымкент қ)🆚Диас Молжігітов (Жамбыл обл)

Өзара кездспеген

Ширек финалдың басты сенсациясын жасаған Санжар-Али Бегалиевке жартылай финалда да мықты қарсылас күтіп тұр. Диас 2024 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Биыл да бірнеше халықаралық турнирде бақ сынады. Бұл жұпта Диас фаворит.

📍Кешкі сессия. 18:00

1️⃣55 келі. 3-жұп

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл)🆚Бексұлтан Боранбек (Жамбыл обл)

Өзара кездеспеген

Бексұлтан Боранбек ересектер арасында алғаш рет Қазақстан чемпионатының жүлдесін иемденді. Жартылай финалда Нұрсұлтанның бір бкс жоғары болатыны анық. Алайда жастар арасындағы әлем чемпионының да өз айтары бар деп сенеміз.

2️⃣65 келі. 4-жұп

Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл)🆚Илья Калинин (Жамбыл обл)

Өзара кездеспеген.

Ертуғанға әзірше Қазақстан чемпионатында лайықты қарсылас табылмай тұр. Илья Калининмен өтетін жекпе-жек ауыр сынақ болатыны түсінікті.

3️⃣75 келі. 6-жұп

Сабыржан Аққалықов🆚Аман Қонысбеков (Түркістан обл)

Өзара кездеспеген.

Сабыржан Аққалықов екінші нөмірде жүріп-ақ қарсыластарынан басым түсіп келе жатыр. Бүгін соққысы ауыр Аман Қонысбеков лайықты бәсекелестік көрсете ала ма екен?

4️⃣85 келі. 8-жұп

Дәулет Төлемісов (Ақтөбе обл)🆚Бекзат Таңатар (Шымкент қ)

Өзара кездеспеген.

Бразилиядағы Әлем Кубогының жеңімпазы Дәулет Төлемісов осы салмақта алтынға үміткер боксшы саналса да, Қазақстан чемпионы деген атағы жоқ. Бүгін талантты боксшыға Шымкент қаласының өкілі Бекзат Таңатар тосқауыл болып көрмек.

5️⃣55 келі. 9 -жұп

Тимур Қабдешов (Ақмола обл)🆚Сәкен Бибосынов (Түркістан обл)

2020 жылы Шымкенттегі ел чемпионатының ширек финалында Сәкен жеңіске жеткен.

Осы жолы былтырғы Қазақстан чемпионы Тимур Қабдешов Сәкенді әбігерге салуы мүмкін. Тек оған қабағындағы жарақат кері әсер тигізбесе болғаны.

6️⃣+90 келі. 11-жұп

Аслан Еділбайұлы (Қызылорда обл)🆚Даниал Сапарбай (Түркістан обл)

Өзара кездеспеген

Аса ауыр салмақта ағайынды Сапарбайлар қайтадан финалға шыға ала ма екен? Әзірше жастар арасында жетістікке жеткен Аслан Еділбайұлының қарқыны өте жақсы болып тұр.

Пресс-служба ДРС
  • 🔥 3
  • ❤ 1
More from @ayanlive
  1. Oct 4, 2026Сегодня завершились XX летние Азиатские игры в Нагоя. Все подводят итоги выступления Казах…
  2. Oct 3, 2026Тут борцов приехали поддержать боксеры Чемпионы Азиады Айбек Оралбай и Торехан Сабырхан, м…
  3. Oct 3, 2026Вот боролись перед Нилуфар Раимовой два чемпиона мира, но самую яркую борьбу показала имен…
  4. Oct 3, 2026Нуркожа Кайпанов вышел в полуфинал!
  5. Oct 3, 2026Ризабек Айтмухан проиграл мощному Ешида. Японец, реально, сегодня сильнейший в мире вольно…
  6. Oct 3, 2026Сразу два наших палуана Нуркожа Кайпанов и Ризабек Айтмухан на соседних коврах 🇰🇿🔥
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →