🥊🇰🇿Қазақстан чемпионатының ширек финалы қалай өтті?
Бүгін Семей қаласындағы Қазақстан чемпионатының ширек финалы мәресіне жетті.
1️⃣15 жылдан кейін жүлдесіз қалған Теміртас Жүсіпов
8 дүркін Қазақстан чемпионы Теміртас Жүсіпов 1/4 финалда Нұрсұлтан Нуриденовтен (БҚО) өте алмады. Тарихқа көз жүгіртсек, Теміртас бұған дейін 2010 жылы дәл осы ширек финалда Ілияс Сүлейменовке жол беріп, жарыстан шығып еді.
2️⃣80 келідегі сенсация
Ширек финалда көпшіліктің асыға күткен Санжар-Али Бегалиев пен Нұрқанат Райыстың айқасы небәрі 1 минутқа ғана жалғасты. Жастар арасында әлем чемпионы Санжар-Али ауыр соққысымен Нұрқанатты нокаутқа жіберді.
3️⃣Жастардың жартылай финалға шығуы
Жастар арасында әлем чемпионатының бірнеше жүлдегерлері ұлттық құраманың тізіміне кірді. Назарларыңызға 20 жасқа дейінгі боксшыларды ұсынамыз:
Нұрзат Оңғаров (20 жас, 50 келі), Бексұлтан Боранбек (19 жас, 55 келі), Илья Калинин (20 жас, 65 келі), Нұрбек Мурсал (20 жас, 70 келі), Санжар-Али Бегалиев (20 жас, 80 келі), Өнер Сейілхан (19 жас, 85 келі), Дәулет Төлемісов (19 жас, 85 келі), Аслан Еділбайұлы (19 жас, +90 келі)
4️⃣Күтпеген жеңілістер
Токио Олимпиадасынан кейін қайта әуесқой боксқа оралған Әбілхан Аманқұл (85 келі), Темірлан Мұқатаев (90 келі) жүлдеге бір қадам жетпей, тоқтады.
5️⃣ Жаңа салмақтағы жетістік
70 келіге көтерілген Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен 14 келі салмақ қосқан Өнер Сейілхан (85 келі) ширек финалда сенімді жұдырықтасып, жеңіске жетті. Сәкен Бибосыновқа (55 келі) да әзірше лайықты қарсылас табылмай тұр.
Пресс-служба ДРС
Post #1969
505
- ❤ 7
- 👍 1