TGViewer
Ayan Tolegen Ayan Tolegen @ayanlive · 1.46K subscribers
Post #1955 496
🔥🥊Ширек финалдағы қай жекпе-жекті асыға күтесіз?

Бокстан Семей қаласындағы Қазақстан чемпионатының ширек финалы көптеген тартысты айқастарды сыйлайды.

📍Күндізгі сессия. 14:00

1️⃣60 келі. 1-жұп

Бейбарыс Жексен (Жамбыл обл)🆚Асылжан Серікбай (Шымкент қ)

Қос боксшы 2022 жылы Шоқыр Бөлтекұлын еске алу халықаралық турнирінде жолығып, Бейбарыс басым түскен.

2️⃣60 келі. 3-жұп

Оразбек Асылқұлов (Ақмола обл)🆚Нұрислам Қалдыбаев (Түркістан обл)

Өзара кездеспеген.

Оразбек 57 келіден 60 келіге ауысты. Олимпиада бағдарламасына енгізілген салмақта өзін қалай көрсетеді? 22 жасқа дейінгі 2 дүркін Азия чемпионы Нұрислам Қалдыбаев ел ішіндегі алғашқы мықты қарсыласын жеңе ала ма екен?!

3️⃣70 келі. 7-жұп

Фарух Тоқтасынов (Алматы қ)🆚Елнұр Сүйінбай (Жамбыл обл)

Өзара кездеспеген.

70 келідегі былтырғы финалист Фарухтың физикалық күші мен айлакер Елнұрдың қайсысы басым түседі?

4️⃣ 70 келі. 8-жұп

Нұржан Амангелді (Жетісу обл)🆚Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан обл)

Осы салмақта Қазақстан чемпионатының жүлдегері Нұржан Амангелді жаңа салмаққа көтерілген Мұхаммедсабырдың кезекті мақсатына тосқауыл бола ала ма?

5️⃣80 келі. 11-жұп

Санжар-Али Бегалиев (Шымкент қ)🆚Нұрқанат Райыс (Маңғыстау обл)

Жастық пен тәжірибенің шайқасы.
Жастар арасында әлем чемпионы Санжар-Али Бегалиев әзірше сенімді келе жатыр. Енді ол ересктер арасындағы алғашқы Қазақстан чемпионатында соққысы мығым Нұрқанатпен күш сынаспақ.

📍Кешкі сессия. 18:00

1️⃣55 келі. 1-жұп

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл)🆚Кенже Мұратұлы (Алматы обл)

2024 жылы қос боксшы да сенсациялық жеңіліске ұшыраған еді. Енді екі боксшының бірі қайта ұлттық құрамаға кіруге мүмкіндік алмақ.

2️⃣55 келі. 2-жұп

Бексұлтан Боранбек (Жамбыл обл)🆚Бағлан Кенжебек (Жамбыл обл)

Жастар арасында әлем чемпионы Бексұлтан жаңа салмақта жүлдеге іліуге тырысып көрмек. Былтырғы күміс жүлдегер Бағлан Кенжебек те біршама халықаралық турнирде топ жарып, тәжірибе жинап үлгерді.

3️⃣55 келі. 4-жұп

Нұрислам Бекен (Қарағанды обл)🆚Сәкен Бибосынов (Түркістан обл)

Нұрислам өткен айналымда былтырғы қола жүлдегер Жандәулет Сәрсенбаевты жарыстан шығарды. Жұдырықтасу мәнері бойынша да жақсы әсер қалдырды. Енді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың кілтін таба ала ма екен?

4️⃣65 келі. 6-жұп

Жандос Қыдыралиев (Алматы қ)🆚Илья Калинин (Жамбыл обл)

Қос мықтының жолы ширек финалда түйісті. Енді қайсы бірі үйіне жүлдесіз қайтады.

5️⃣+90 келі. 13-жұп

Аслан Еділбайұлы (Қызылорда обл)🆚Ерхат Бекзат (Абай обл)

Аса ауыр салмақтағы басты үміттердің бірі - Аслан бірінші жекпе-жегін өте сенімді өткізді. Ендігі қарсылас 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері Ерхат Бекзат болмақ. Оның үстіне жергілікті тұрғындардың жалынды қолдауы да Ерхатқа артықшылық болуға тиіс.

Пресс-служба ДРС
  • 👍 3
More from @ayanlive
  1. Oct 4, 2026Сегодня завершились XX летние Азиатские игры в Нагоя. Все подводят итоги выступления Казах…
  2. Oct 3, 2026Тут борцов приехали поддержать боксеры Чемпионы Азиады Айбек Оралбай и Торехан Сабырхан, м…
  3. Oct 3, 2026Вот боролись перед Нилуфар Раимовой два чемпиона мира, но самую яркую борьбу показала имен…
  4. Oct 3, 2026Нуркожа Кайпанов вышел в полуфинал!
  5. Oct 3, 2026Ризабек Айтмухан проиграл мощному Ешида. Японец, реально, сегодня сильнейший в мире вольно…
  6. Oct 3, 2026Сразу два наших палуана Нуркожа Кайпанов и Ризабек Айтмухан на соседних коврах 🇰🇿🔥
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →