Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының финалында!
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы палуанымыз ақтық сынға жолдама алды. Айдос Сұлтанғали (-60 кг) жартылай финалда Амиран Чавадзеге (Грузия) еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жетті. Есеп: 9-2.
Осылайша, Сұлтанғали ертең түнде (Астана уақытымен 21:00-ден кейін) Георгий Тибилов (Сербия) немесе Әлішер Ганиевтің (Өзбекстан) бірімен жеңімпазды анықтайды.
Айта кетейік, 29 жастағы Айдос осыған дейін 60 кг дейінгі салмақта әлем чемпионатында 2 рет қола медаль иеленіп, сары құрлық бәсекесінде топ жарған.
Сұлтанғали бүгін күндізгі сессияда іріктеуде Максвелл Хоппер Блэкті (АҚШ), Мелкаму Фетенені (Израиль) ұтты. Ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері Сеун Лиден (Солтүстік Корея) айласын асырды.
Пресс-служба ДРС
Post #1898
710

- 👍 13
- ❤ 3