TGViewer
Ayan Tolegen Ayan Tolegen @ayanlive · 1.46K subscribers
Post #1679 476

Forwarded from QR Turizm jäne sport ministrlıgı

Қысқы Азия ойындарында табысты өнер көрсеткені үшін 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға қаржылай сыйақы берілді

Мемлекет басшысының халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды ынталандыру туралы тапсырмасына сәйкес, Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен отандық спортшыларды қолдау мақсатында Үкімет қаулысымен 372,6 миллион теңге бөлінді. Қаржылай сыйақы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға берілді.

Қытайдағы ақ Азиадада жерлестеріміз 4 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 34 елдің ішінде 4-орынға тұрақтаған еді. Ел қоржынына алтын жүлделерді биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадағы синхронды секіру жұбы, шорт-трек спортынан 5000 метрлік эстафета командасы және шайбалы хоккейден ерлер құрамасы салды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау – Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан спортты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір бөлігі. Кейінгі 6 жылда елімізде 314 дене шынықтыру және сауықтыру кешені мен 58 жүзу бассейні салынды. Нәтижесінде дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі 31,5 пайыздан (5,9 млн адам) 41,4 пайызға (8,4 млн адам) дейін артты. Спорт инфрақұрылымын дамыту – ұлт денсаулығын нығайтуға, сырқаттың алдын алуға, әлеуметтік осал топтардың үлесін азайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды инвестиция.

Сонымен қатар елімізде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. 2021 жылы Президент тапсырмасына сәйкес спорт үйірмелерін жан басына қаржыландыру тетігі енгізілді. Қазіргі таңда ел бойынша 4 пен 17 жас аралығындағы 250 мыңнан астам бала 7 мыңнан аса спорт үйірмесінде тұрақты түрде жаттығады. Кейінгі бес жылда еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 481-ден 521-ге, ал спорттық даярлықпен қамтылған балалар саны 357 мыңнан 406 мыңға өсті.

Осындай кешенді әрі жүйелі жұмыс мемлекеттің спорт арқылы дені сау, белсенді әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған стратегиялық ұстанымын айқын көрсетеді. Спорт – әр азаматтың өмірінде маңызды орын алуға тиіс.
  • ❤ 3
More from @ayanlive
  1. Oct 4, 2026Сегодня завершились XX летние Азиатские игры в Нагоя. Все подводят итоги выступления Казах…
  2. Oct 3, 2026Тут борцов приехали поддержать боксеры Чемпионы Азиады Айбек Оралбай и Торехан Сабырхан, м…
  3. Oct 3, 2026Вот боролись перед Нилуфар Раимовой два чемпиона мира, но самую яркую борьбу показала имен…
  4. Oct 3, 2026Нуркожа Кайпанов вышел в полуфинал!
  5. Oct 3, 2026Ризабек Айтмухан проиграл мощному Ешида. Японец, реально, сегодня сильнейший в мире вольно…
  6. Oct 3, 2026Сразу два наших палуана Нуркожа Кайпанов и Ризабек Айтмухан на соседних коврах 🇰🇿🔥
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →