TGViewer
Ayan Tolegen Ayan Tolegen @ayanlive · 1.46K subscribers
Post #1632 575

Forwarded from QR Turizm jäne sport ministrlıgı

Спорттық әдеп нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді

Туризм және спорт министрлігі 2020 жылғы 28 ақпандағы №51 бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорттық әдебі» құжатын жаңартып, қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкестендірді.

✔️Құжат 2025 жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның жаңа редакциясына байланысты өзгертілді. Бұл нормативтік-құқықтық актілерді жаңа заң талаптарына бейімдеуді қажет етті.

Бұйрық бұрынғыша спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және спорт саласындағы өзге де тұлғалар үшін мінез-құлық нормаларын айқындайды. Ол заң талаптары мен жалпыға ортақ моральдық-этикалық қағидаттарға негізделген.

Аталған өзгерістер техникалық сипатқа ие және құжаттың мазмұндық негізіне әсер етпейді. Өзгерістер негізінен терминологияны нақтылауға және тұжырымдамалық аппаратты жаңартуға бағытталған. Атап айтқанда:

➡️«Ұлттық құрама команда» деген ескі терминнің орнына қазіргі талапқа сай «Қазақстан Республикасының спорт түрі бойынша ұлттық құрама командасы» ұғымы енгізілді;

➡️ұғымдар қатарына «спорт төрешісі» термині қосылып, оның өкілеттіктері мен біліктілік талаптары нақтыланды;

➡️Бұқаралық ақпарат құралдары анықтамасы жаңартылды. Енді заманауи коммуникация талаптарына сай «масс-медиа» термині қолданылды.

➡️Маңызды: 2020 жылғы бұйрықтың бастапқы редакциясында бекітілген және отандық спорттың «Ар-намыс кодексіне» айналған спорттық этиканың негізгі ережелері өзгеріссіз қалды. Қолданыстағы нормаларға сәйкес:

🔹адал ойын қағидаттарын сақтау;

🔹қарсыластарға, төрешілерге, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне құрметпен қарау;

🔹қоғамдық тәртіпке қайшы немесе қорлайтын әрекеттерге жол бермеу;

🔹спорттық ортада жоғары моральдық үлгі көрсету қағидаттары сақталады.

Осылайша, спорттық этика ережелері заман талабына, заң талабына сәйкес жаңартылғанымен, өз мәнін жоғалтпай, спорт жүйесінде жүргендер үшін әдеп нұсқаулық құралы болып қала береді.
  • 👍 2
More from @ayanlive
  1. Oct 4, 2026Сегодня завершились XX летние Азиатские игры в Нагоя. Все подводят итоги выступления Казах…
  2. Oct 3, 2026Тут борцов приехали поддержать боксеры Чемпионы Азиады Айбек Оралбай и Торехан Сабырхан, м…
  3. Oct 3, 2026Вот боролись перед Нилуфар Раимовой два чемпиона мира, но самую яркую борьбу показала имен…
  4. Oct 3, 2026Нуркожа Кайпанов вышел в полуфинал!
  5. Oct 3, 2026Ризабек Айтмухан проиграл мощному Ешида. Японец, реально, сегодня сильнейший в мире вольно…
  6. Oct 3, 2026Сразу два наших палуана Нуркожа Кайпанов и Ризабек Айтмухан на соседних коврах 🇰🇿🔥
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →