Қалай десек те, Қазақстанның өзіне тән стилі бар. Менің Telegram-арнам спорт бағытына арналғандықтан, мен бұл жерде біздің турнир ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдер мен ерекше атмосфераны айтып отырмын.
Айрықша әуен мен патриоттық рух, жан-жақты дайындық пен ұйымдастыру ісіне шынайы көзқарас. Мұның бәрі өз алдына бір бөлек дүние. Әлем чемпионы әрі федерацияның бас хатшысы Мерей Ақшаловтың ашылу салтанатына өз қолтаңбасын қосқаны да көп нәрсені аңғартады (оның не екенін көрсетпеуді жөн көрем. Ертеңге дейін құпия болып қала берсін).
Бұған дейін де отандық бокс өкілдері айтқандай, Астанадағы әлем кубогы – World Boxing ұйымының алдағы Ливерпульде өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыруда негізгі бағыт-бағдары болмақ. Басқаша айтқанда, бұл жобаны олимпиадалық деңгейге көтеруіміз керек.
Post #1579
16.3K
- 👍 4