IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені(14-0, 9 КО) 5-раундта нокаутқа жіберіп, өз белбеулерін қорғап қалды.
Кештің ең жас қатысушысы, 19 жастағы Төрехан кәсіпқой бокстағы дебютін өткізсе де, өте сенімді өнеркөрсетіп, 3-раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Балауса 8 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Махмұд 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Үш мәрте нокдаунға түскен въетнамдықбоксшы айқасты жалғастырудан бас тартты.
Туған күнімен тұспа-тұс келген кеште 34 жастағы Батыр Жүкембаев алғаш рет Астана төрінде жұдырықтасып, кезекті жеңісін тойлады.
Сұлтан Заурбек – Азинга Фузиле. 10 раундтың қорытындысы бойынша, Сұлтан бірауыздан жеңіскежетті.
Post #1466
1.16K