TGViewer
Ayan Tolegen Ayan Tolegen @ayanlive · 1.45K subscribers
Post #1435 739
Жәмилә Бақбергенова - 4 дүркін Азия чемпионы атанған үшінші қазақ палуаны

Біздің команданың көшбасшысы ақтық сында қытайлық қарсыласы Юйци Люге еш мүмкіндік бермей, 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол - мұндай жетістікке жеткен 3-ші қазақ палуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.

Осыған дейін әйелдер арасында Татьяна Аманжол, Гюзель Манюрова бозкілемде дес бермей, әнұранымызды 4 реттен шырқатқан.

Айта кетейік, отандасымыз күндіз жартылай финалда әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фуруичиді ұтқан.

Юйци осыған дейін жасөспірімдер мен жастар арасындағы сары құрлық додасында күміс, қола медаль жеңіп алған.

Осымен әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қайрат Сағадиев баптайтын команда 1 алтын, 1 қолаға ие болды.

Былтыр Бішкекте өткен сары құрлық чемпионатында Қайрат Сағадиев баптайтын команда 4 қола жүлдеге қол жеткізген. Медаль алғандар: Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова.

📹🪶 ДРС
  • 👍 8
More from @ayanlive
  1. Oct 16, 2026Вы, наверное, сегодня увидели эту страшную новость. В Кызылорде водитель сбил женщину с ко…
  2. Oct 16, 2026Что такое хорошо, а что такое плохо? По приезду с Азиатских игр в Нагоя, я прошелся по тел…
  3. Oct 12, 2026Пока представители летних Азиатских игр подводят свои итоги, в Нагоя уже собираются пара с…
  4. Oct 4, 2026Сегодня завершились XX летние Азиатские игры в Нагоя. Все подводят итоги выступления Казах…
  5. Oct 3, 2026Тут борцов приехали поддержать боксеры Чемпионы Азиады Айбек Оралбай и Торехан Сабырхан, м…
  6. Oct 3, 2026Вот боролись перед Нилуфар Раимовой два чемпиона мира, но самую яркую борьбу показала имен…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →