TGViewer
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі @atomagencykz · 724 subscribers
Post #993 125
🇰🇿Қазақстан Республикасының Үкіметі атом саласына 2027–2031 жылдарға арналған кадрлар даярлау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспарын (№835) (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітті.

Кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігімен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының кадрлар даярлау бойынша тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжат атом саласы үшін халықаралық талаптарға сәйкес кадрларды кезең-кезеңімен дайындауды қарастырады.

Кешенді жоспар кадрлық әлеуетті дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды: институционалдық және нормативтік базаны қалыптастыру, білікті кәсіби кадрларды дайындау, кадрларды дайындауды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Құжатты іске асыру атом саласы үшін халықаралық талаптарға сәйкес кадрларды дайындау жүйесін қалыптастыруға, саланы білікті мамандармен қамтамасыз етуге және ұлттық құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
More from @atomagencykz
  1. Sep 29, 2026🇰🇿Правительством Республики Казахстан утвержден Комплексный план по подготовке кадров дл…
  2. Sep 29, 2026🎉Уважаемые коллеги! Сегодня исполняется ровно год со дня создания Общественного совета Аг…
  3. Sep 29, 2026🎉Құрметті әріптестер! Бүгін, 2025 жылғы 29 қыркүйекте құрылған Қазақстан Республикасы Ато…
  4. Sep 29, 2026💡Мировые гиганты атомной отрасли Какие страны активно развивают атомную энергетику и чем…
  5. Sep 29, 2026💡Атом саласындағы әлемдік алпауыттар Қай елдер атом энергетикасын дамытуда көш бастап кел…
  6. Sep 29, 2026🎖 Астанада атом саласының ардагерлері мен мамандары марапатталды Кәсіби мерекеге орай сал…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →