TGViewer
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі @atomagencykz · 731 subscribers
Post #1022 160
✔️Астанада АЭС жобалау және қауіпсіздігін бағалау кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша АЭХА ұлттық семинары өтуде

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) жобалау және қауіпсіздікті бағалау кезіндегі қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыруға арналған ұлттық семинары өтуде.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-нің, Ядролық физика институтының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының, сондай-ақ Atomic Industry Development Association (AIDA) қауымдастығының өкілдері қатысуда.

Іс-шара Қазақстанда АЭС жобасын іске асыруға дайындыққа байланысты мәселелерге арналған. Бес күнге жоспарланған семинар бағдарламасы АЭС жобасына қатысты негізгі кіріспе ережелерді, жобалау кезіндегі қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ қауіпсіздікті бағалау бойынша практикалық сессияларды қамтиды.

АЭХА-ның қауіпсіздік жөніндегі халықаралық тәсілдері мен стандарттарын талқылау АЭС жобасына қойылатын талаптар мен реттеуші органның оның қауіпсіздігін бағалау кезіндегі міндеттері туралы ортақ түсінік қалыптастыруға бағытталған.

Семинарды өткізу кәсіби тәжірибе алмасуға және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті реттеу саласындағы ұлттық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.
More from @atomagencykz
  1. Oct 8, 2026❕АЭС құрылысы алғашқы бетон құйылғанға дейін неден басталады? 3 қыркүйекте Қазақстандағы а…
  2. Oct 8, 2026📶Алматыда онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар қалай өндіріледі? Толығырақ…
  3. Oct 7, 2026🔃Ядролық технологиялар диагностика мен емдеуге қалай көмектеседі? Зерттеу реакторы қалай…
  4. Oct 6, 2026🔺Ядролық реактордың ішіндегі су неге қайнамайды? Қазақстанда атом энергетикасы туралы сөз…
  5. Oct 6, 2026🌐«Атом сөздігі» айдарын жалғастырамыз! Бүгінгі сөзіміз — Салқындатқыш мұнара. Ол не үшін…
  6. Oct 6, 2026📚Астанада Қазақстандағы болашақ атом электр станциясын жобалау және оның қауіпсіздігін ба…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →