✨С985: Егер сатушы мен сатып алушы саудаларында шыншыл болса нәтиже қандай болады, және олар саудаларында өтірік айтып, жалғандық жасаса, нәтижелері қандай болады?
✨Ж985: Бұл жағдайлардың салдары жайлы Хаким ибн Хизамның хадисінде айтылған. Онда Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Саудадағы екі тараптың айырылысқандарына дейін одан бас тартуға құқықтары бар. Егер олар сауда барысында шыншыл болып, (әрқайсысы сауда келісім-шартындағы өзі жағынан бар болған кемшіліктерін жасырмай) көрсетсе, олардың келісім-шарты берекелі болады, ал егер олар өтірік айтып, жасырса, береке жойылады» (әл-Бухари, 2079 және Муслим, 1532).
Post #2493
222