TGViewer
Автоматизация и управление (АиУ) Автоматизация и управление (АиУ) @asutp_su · 473 subscribers
Post #263 116
https://yessenovfoundation.org/kk/about-us/programs/knowledge/english-language-program/yessenov-ielts-pro/

Shakhmardan Yessenov Foundation «Yessenov IELTS Pro» байқауын жариялап, IELTS халықаралық емтиханына дайындық бойынша тегін онлайн оқуға 80-ге дейін білім беру грантын ұсынады.
ЕГЕР СЕН:
• 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы болсаң;
• бакалавриат, магистратура немесе докторантурада күндізгі бөлімде оқитын студент не жұмыс істеп жүрген маман болсаң;
• жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе денсаулық сақтау бағыттарының бірінде білім алсаң немесе жұмыс істесең;
• ағылшын тілін B1 деңгейінен төмен емес дәрежеде меңгерсең;
• әрі қарай білім алу және кәсіби даму үшін ағылшын тілі деңгейіңді көтеріп, IELTS емтиханына дайындалғың келсе,
ГРАНТ ҰТЫП, IELTS емтиханына дайындық бойынша тегін онлайн курстан өтуге мүмкіндігің бар!
Оқу Ұлыбританияның жетекші білім беру орталығы Bonas MacFarlane Education-мен бірлесіп, 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы мамырға дейін өтеді. Сабақтар аптасына 2 рет, 90 минуттан өткізіледі.
Оқу қорытындысы бойынша Қор үздік 25 қатысушыны анықтап, олардың IELTS емтиханын тапсыру ақысын қосымша төлейді.
Қатысу үшін 2026 жылғы 22 қыркүйектен 21 қазанға дейін қоса алғанда Қордың сайтында онлайн өтінімді толтырып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
• жеке куәліктің көшірмесі;
• «IELTS сертификатын алу менің кәсіби даму бағытыма қалай әсер етуі мүмкін?» тақырыбында көлемі 700 сөзден аспайтын эссе.
Қосымша құжаттар:
• ғылыми жетістіктерді растайтын сертификаттар/дипломдар – 2 (екі) данадан аспауы тиіс;
• қоғамдық белсенділік пен волонтерлік қызметті растайтын сертификаттар – 3 (үш) данадан аспауы тиіс;
• жарияланымдар – 2 (екі) данадан аспауы тиіс;
• ғылыми жетекшінің/кафедра меңгерушісінің ұсыным хаты – 1 (бір) данадан аспауы тиіс;
• соттылығының болуы/болмауы туралы анықтама.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 21 қазанда Астана уақытымен (GMT+5) сағат 15:00-де аяқталады.
Shakhmardan Yessenov Foundation — Негізгі бет Yessenov IELTS Pro Shakhmardan Yessenov Foundation
More from @asutp_su
  1. Sep 28, 2026https://www.instagram.com/reel/Ddqo17YNH7x/?stkn=MWdjYWRkemE0ODFubg==
  2. Sep 8, 2026☝️а это специально первокурсникам, библиотека записала
  3. Sep 8, 2026https://library.satbayev.university/ru/dlya-pervokursnikov
  4. Sep 8, 2026сайт библиотеки☝️
  5. Sep 8, 2026https://library.satbayev.university/ru/about
  6. Sep 8, 2026https://www.instagram.com/reel/DdA_kNRMCur/?stkn=dDZ2dXIxOTQ0M3N4 Кешеден бастап студентті…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →