TGViewer
Channel Public Channel
Aman world

Aman world

@amanutemuratov

Senior Software Engineer at Google

https://youtube.com/@amanitworld

Жарнама бойынша @aman_utemuratov
Subscribers
4.47K
Photos
188
Videos
31
Links
133
Recent Posts 15 shown
Post #620 1.81K
[SOLD] Macbook Air 2021 сатылады.

- M1 chip
- 256GB SSD
- батарея maximum capacity 86%
- 16GB RAM - Әдейілеп программалауға арнап RAM upgrade жасағанмын. Анша-мұнша кодинг нәрселерге жетеді.

Сату себебі: Мен басында бұл лаптопты жұбайыма арнап алғанмын, программалауды үйренсін деп. Бір шама html, css, js, react меңгеріп те қалып еді артынан бала жоспарлар өзгеріп, блогерлікке ауысып кетті. Басында 6-7 ай кодингқа қолданылып, одан соң 3-4 жылдай қолданыссыз жатты. Енді жұбайым влогтарының видеоларын(4K video) монтаж жасауға GPU күші сәл жетіңкіремей тұр. Апгрейд жасау мақсатында сатылып жатыр.
Білмейтіндерге - жұбайымның инстасы (238k оқырман)

Бағасы 290к тг.
  • 👍 32
  • 👎 11
  • ❤ 4
  • 🔥 4
  • ⚡ 3
  • 🙏 1
  • 💯 1
Post #619 2.77K
Хакатонның футболкасын киіп көру есімнен шығып кетіпті 😁
  • 🔥 60
  • ❤ 11
  • 👍 9
  • 😁 4
  • ⚡ 2
  • 👏 1
  • 🙏 1
Post #618 2.62K
Бұйырса 1-2 аптада осы кітапты бастаймын.
  • 🔥 56
  • ❤ 14
  • 👍 9
  • ⚡ 2
  • 👏 1
  • 🙏 1
  • 💯 1
Post #617 3.6K
BigTech-қа дайындалып жүрсің, бірақ бағыт пен қолдау жетпей ме?

Electi, бұл FAANG пен ірі компаниялардың сұхбаттарына дайындалуға арналған платформа. Бұл нәтиже беретін жүйелі бағдар: аптасына 10–15 сағат, 6–12 ай жұмыс істеуге дайын адамдарға арналған.

Миддлдарға арналған - Accelerator:
- FAANG-тен ментормен 1:1 қолдау;
- Жеке оқу жоспары;
- 6 айдан кейін deployment кезеңі: тікелей рефералдар, сұхбат жаттығулары және жалақы жөніндегі келіссөздерге көмек.

Джундарға арналған - Foundation:
- 8 адамнан аспайтын шағын топтар;
- Прогресті бақылау;
- Accelerator-ға жедел өту мүмкіндігі.

👉 Дайындықты бастау
📲 Telegram арнамыз: https://t.me/Electi_BigTech
  • 🔥 15
  • 👍 5
  • ❤ 4
  • 👏 1
Post #616 2.93K
Осындай тегін нәрселерді жаным сүйеді бар ғой ше. Хакатонға қатысқаным үшін футболка, стикерлер, қалам т.б. Күшті мә? 😅
  • ❤ 78
  • 🔥 22
  • 👍 16
  • 😁 7
Post #615 3.96K
Google-да жүргеніме 7 жыл. Құттықтап қойсаңыздар болады 🤖
  • 🔥 273
  • ❤ 45
  • 👏 25
  • 👍 13
  • ⚡ 4
  • 😁 2
Post #612 4.62K
Прайм эра

Күне кеше туған күнім өтті. Жасым 35ке де келіп жетті.

Сыйлыққа Tumi рюкзак; Сиыр терісінен жасаған сет; Телеграм премиум берді.

Инстаграмға құттықтағысы келетіндер болса каспиге жіберсе болады деп сторис салғанмын. Ол жақтан 2884тг жиналды 3 адамнан (1-ін ғана танимын). Бұл ақшаға амазоннан онлайн кітап алып оқимын деп шештім.

Әлі інімнен meta ray ban очки жолда келе жатыр 😎

Қызым мен ұлымнан: кола, протеин батончик, зонтик алдым.

Биылғы туған күнімде өзімді ерекше күшті сезініп жүрдім. Бірінші рет бұндай көп сыйлық алуым шығар 😅

Құттықтап жазған баршаңызға көп-көп рахмет! Аман болыңыздар!
  • ❤ 151
  • 👏 32
  • 👍 7
  • ⚡ 4
Post #610 3.97K
Big Tech дайындық

BigTech сұхбатына дайындалу туралы көп ешкім айтпайтын нәрсені айтайын.

LeetCode, System Design, структуралы дайындық - оның бәрі дұрыс. Бірақ неге кейбіреулер 4 жыл дайындалып, сол күі кіре алмай кетеді, ал кейбіреулер 6-ақ айда арманына жетеді?

Мен Google-да жүріп мұндай адамдарды көп көрдім. Байқағаным дұрыс ортасы, менторы барлар, прогресті әлдеқайда жылдам жасайды. Кейде айырмашылық 10х дейін жетеді.

Electi - осы принципен жұмыс істейді. FAANG-тегі ментор, сенің әлсіз тұстарыңды  тауып, қажетіңе сай жеке жоспар жасап, нәтижеге дейін бірге жүреді.

Тағы бір нәрсе, қазір AI-дың арқасында бәсекелестік бұрынғыдан да күшейгені айдан анық. Қазірге заманда орташа дайындалу жеткіліксіз. Сол себепті платформадағы AI сенің дамуыңды үздіксіз қадағалап, қажетті деңгейге жетуге кедергі келтіретін әлсіз тұстарды өзі тауып беріп отырады.

Electi - аптасына 10-15 сағат жұмсай алатын, шынымен BigTech-ке кіргісі келетін адамдарға арналған.

тг канал: @electi_bigtech
Тегін кеңес алуға өтінім қалдыру: tryelecti.com
  • ❤ 34
  • 👍 8
  • 🔥 5
  • 💯 1
Post #609 4.14K
Осыдан 2 жыл бұрын тура Жаңа Жылдың 1ші Қаңтарынан бастап duolingo-ны тастаған едім. Әйтпесе 460 күн стрик жасап қойған едім. Былайша қарасаң 1.5ж үзбей күнде 5 минуттан неміс тілі жаттығу жасап жүру мидың біраз назарын алып қояды.

Соңында пайдасы жоқ екен деп түйіндеп - дуоны тастадым. Орнына кәдімгі курсқа жазылып, бір жазда жақсылап оқып шықтым. Кейде энергия жейтін нәрселерден арылған дұрыс.

Ал қазір болса сол энергиямды алып жүрген нәрсенің бірі Инстаграм және телеграм каналдарым болып тұр. Ойланып жүрмін...

Солай, достар...
  • 👍 69
  • ❤ 15
  • 🙏 11
  • 🔥 8
Post #608 3.82K
Карпаты атамыз Антропикке жұмысқа кіріп жатыр екен.

Ал біз ше? Не істейміз? Қайтадан есеп шығарып, систем дизайн қайталап бастаймыз ба? 😅
  • ❤ 49
  • 😁 6
  • 🔥 5
  • ⚡ 2
  • 👏 2
  • 💯 1
Post #607 3.97K
"Қазір крутой көлікпен емес, жұмысқа веломен барып келетініңмен флексить ететін заман" - деп баяғыда бір дана кісі айтқан екен 😅

10км ары, 10км кері. 180м элевейшн. Жай жұмысқа барып келгеніңнің өзі тегін кардио 😅. Бүгін оған қоса джимға барсам артық болып кетер иә?)
  • ❤ 66
  • 🔥 22
  • 👍 5
  • ⚡ 3
  • 👏 2
  • 🙏 1
  • 💯 1
Post #606 3.21K
Інімнің Америкадан сыйлық қылып салып жіберген Influence кітабын оқып жүрмін. Әрбір адам оқу керек кітап. жазылғандары өмірде қолданысы көп болатыны анық. Психология, социолоция тақырыптарында жазылған.

Әрбір таңым кофе + кітап басталады. Таң азанымен бұл да бір біткен тірлік. Бүгінгі күнім, таңнан бастап, зая кетпеді деген сезім береді. Күнде ең болмағанда 0.0001% дамып жүргісі келетін адам үшін әжептеуір дофамин. Ары қарай күні бойы дым бітірмесем де ең болмағанда аз да болсын білім алынды 😅
  • 🔥 81
  • ❤ 14
  • 👍 8
  • 👏 6
Post #605 2.87K
Гуглдың акция бағасы алғаш рет $400дан асқан жайы бар 🎉🎉🎉

Акция бағасы өссе мұнда біз бір шала байып қаламыз :)

Каналға тек гуглға қатысты немесе IT қатысты нәрселерді ғана жазамын. Каналдың қамтитын тақырыптарының спектрін арттыру керек екен деп отырмын. Финансы, спорт (+кибер), отбасы, арман-мақсаттарым т.с.с.

Әлде тек IT/Google қатысты болып қала берсін ба?
  • ❤ 55
  • 🔥 33
  • 👍 9
  • 👏 4
  • 😁 3
  • ⚡ 1
Post #604 3.38K
Швейцарияда тұрсаң осындай көрініспен көлігіңе жанармай құйып жүресің 😅
  • ⚡ 78
  • 🔥 47
  • ❤ 14
  • 👍 14
  • 👏 2
  • 😁 2
  • 💯 2
  • 🙏 1
Post #597 4.71K
Дижитал Қазақстан қорытындысы.

Өзім Шымкенттен болғандықтан ба, әйтеуір, қолдауды өте қатты сездім.

Барлығы 6к адам келіпті.

- 300+ рет адамдармен фотоға түсіп үлгердім.
- 80+ шақты сторис тэг жасалдым.
- мені бір олимпиада чемпионына теңеп, қолтаңбамды сұраған кісі де болды. Тілегімді жазып оны да бердім.
- біраз адамдармен таныстым
- мен сөйлеген холлға адамдар сыймай корридордан тыңдап тұрғандар да көп болды (кіші зал беріп қойыпты ұйымдастырушылар)

Кейноут спич тақырыбы: Future of Software Engineering болды. Адамдарға қызық болдып деп ойлаймын. Артынан жақсы пікірлер көптеп келді.

Ең есте қалғаны: "рұқсат болса мен қазақша жауап берсем" - деп едім зал қолпаштап шапалақ ұрып кетті 😅

Қысқасы, өзіме қатты ұнады. Адамдардың мотивация алғанынан өзім де мықты зарыд алып қайттым.

Фотоға түстім, қолтаңба бердім, енді ауызға түкіріп, тұсау кесу ғана қалып тұры екен 😅😁
  • ❤ 93
  • 🔥 50
  • 😁 16
  • ⚡ 4
  • 👏 4
  • 💯 2
  • 👍 1
Older posts →

About this channel

How can I read @amanutemuratov without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for Aman world: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does Aman world have?
Aman world (@amanutemuratov) has 4.47K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does Aman world know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →