TGViewer
Aibek Smadiyar Aibek Smadiyar @aibeksmadiyar · 2.58K subscribers
Post #78 12.5K
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады

– Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге. Сонымен қатар кортта да, қоғамдық орындарда да, жұртшылықпен қарым-қатынас барысында да байқалатын жоғары мәдениетіңізді айрықша атап өткім келеді. Бұл – сөзсіз, Сіздің парасатыңыз бен адами қалпыңыздың айқын көрінісі, – деп жазылған құттықтауда.


Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.
More from @aibeksmadiyar
  1. Sep 11, 2026Президент выразил благодарность Гизату Нурдаулетову за плодотворную и добросовестную служб…
  2. Sep 11, 2026Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айт…
  3. Sep 9, 2026Глава государства поздравил теннисистку Елену Рыбакину с завоеванием звания первой ракетки…
  4. Sep 6, 2026Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил национальную сборную Казахстана с успешным…
  5. Sep 6, 2026Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділе…
  6. Sep 5, 2026Глава государства Касым-Жомарт Токаев внимательно следит за ходом Всемирных игр кочевников…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →