TGViewer
Channel Public Channel
AGROPRESS

AGROPRESS

@agropresskz

📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Subscribers
2.01K
Photos
12.1K
Videos
513
Links
4.6K
Recent Posts 12 shown
Post #17591
Channel photo updated
Post #17590 180
AGROPRESS 🔹Ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару: 2026 жылғы жоспар артығымен орындалды 📍Қазақстанда пайдаланылмай жатқан, сондай-ақ заңнама талаптары сақталмай берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды айналымға енгізу бағытындағы…
🔹Возврат сельхозземель: план 2026 года перевыполнен

📍В Казахстане продолжается системная работа по возврату в государственную собственность неиспользуемых и выданных с нарушениями законодательства земель сельскохозяйственного назначения, а также их последующему вовлечению в экономический оборот. При годовом плане в 1 млн га государству уже возвращено 1,2 млн га неэффективно используемых сельхозугодий.

Об итогах проведенной работы и планах в сфере земельных отношений на пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК сообщил председатель Комитета по управлению земельными ресурсами МСХ РК Мурат Темиржанов.

«Вопрос не ограничивается простым возвратом земель государству. Основная цель – дальнейшее эффективное использование возвращенных земель, получение от них конкретного результата и, прежде всего, обеспечение потребностей сельских жителей и сельскохозяйственных товаропроизводителей», – подчеркнул Мурат Темиржанов.

Контроль за использованием земельных ресурсов ведется на постоянной основе. В текущем году территориальными подразделениями проведено более тысячи внеплановых проверок на площади свыше 1 млн га. По их результатам землепользователям выдано 715 предписаний об устранении нарушений на площади 884 тыс. га, материалы по принудительному изъятию еще 211 тыс. га рассматриваются в судебных органах. При этом выполнение годового плана не означает прекращения контрольных мероприятий – выявление нарушений продолжается в соответствии с действующим законодательством.

Параллельно ведется работа по перераспределению возвращенных земель. На начало сентября 2026 года объем перераспределенных земель достиг 13,5 млн га. Из них 5,5 млн га выделено в общее пользование местному населению для выпаса скота, а 8 млн га передано субъектам АПК на конкурсной основе.

Особое внимание уделяется вовлечению в эффективный хозяйственный оборот крупных земельных массивов площадью от 10 до 50 тыс. га, что создает условия для формирования новых, в том числе круглогодичных, рабочих мест в сельской местности.

Одновременно государство усиливает защиту прав добросовестных аграриев, инвестирующих в развитие своих хозяйств. Специально созданная рабочая группа и утвержденные методические рекомендации установили четкую систему оценки добросовестности фермеров, регламентировали сроки межведомственного взаимодействия и упростили порядок продления права землепользования.

Важные изменения происходят и в сфере охраны почв. В июле 2026 года вступил в силу Закон «Об охране почв», закрепивший приоритет сохранения плодородия земель и расширивший ответственность землепользователей. В рамках формирования Единой цифровой платформы земельных ресурсов в текущем году проведены почвенные обследования на 7 млн га, геоботанические – на 7,5 млн га, агрохимические – на 4 млн га, а цифровыми материалами оценки охвачено 53,5 млн га. По результатам обследований выявлено 2,7 млн гектаров деградированных земель, требующих проведения восстановительных мероприятий.

С 1 января 2027 года механизм распределения сельскохозяйственных участков полностью перейдет в электронный формат.

«Проведение электронных конкурсов позволит исключить человеческий фактор и отказаться от институциональной работы земельных комиссий. Техническое тестирование обновленной цифровой системы и оценка ее функционала до официального вступления норм в силу будут проведены в рамках пилотного проекта на территории Акмолинской области и области Жетісу», – сообщил Мурат Темиржанов.

В связи с завершением в 2026 году моратория на предоставление земель сельскохозяйственного назначения в частную собственность разработаны поправки, предусматривающие его продление до конца 2031 года.

Мурат Темиржанов подчеркнул, что работа по возврату и перераспределению земель будет продолжена в строгом соответствии с поручениями Главы государства и направлена на обеспечение справедливого и эффективного землепользования, сохранение земельных ресурсов и удовлетворение потребностей сельских жителей и сельскохозяйственных товаропроизводителей.
Post #17589 117
AGROPRESS Photo
Бұл жұмыс жерді әділ әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, жер ресурстарын сақтауға, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Post #17588 105
AGROPRESS Photo
🔹Ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару: 2026 жылғы жоспар артығымен орындалды

📍Қазақстанда пайдаланылмай жатқан, сондай-ақ заңнама талаптары сақталмай берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды айналымға енгізу бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Жылдық жоспар 1 млн гектар болған, 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.

Осы салада жүргізілген жұмыстың қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов толық мәлімет берді.

«Мәселе жерді мемлекетке қайтарумен ғана шектелмейді. Негізгі мақсат – қайтарылған жерлерді одан әрі тиімді пайдалану, олардан нақты нәтиже алу және, ең алдымен, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету», – деді Мұрат Теміржанов.

Жер ресурстарының пайдаланылуына бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Биыл аумақтық бөлімшелер ауданы 1 млн гектардан асатын жерлерде мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде жер пайдаланушыларға жалпы аумағы 884 мың гектар жердегі бұзушылықтарды жою туралы 715 нұсқама берілді. Ал тағы 211 мың гектар жерді мәжбүрлеп алып қоюға қатысты материалдар сот органдарының қарауында.

Бұл ретте жылдық жоспардың орындалуы бақылау іс-шаралары тоқтатылатынын білдірмейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жерді пайдалану талаптарының бұзылуын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар қайтарылған жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылғы қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша қайта бөлінген жер көлемі 13,5 млн гектарға жетті. Оның 5,5 млн гектары мал жаю үшін жергілікті халықтың ортақ пайдалануына берілсе, 8 млн гектары агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне конкурстық негізде берілді.

Ауданы 10 мыңнан 50 мың гектарға дейінгі ірі жер алқаптарын тиімді шаруашылық айналымына енгізуге ерекше назар аударылуда. Бұл ауылдық жерлерде жаңа, оның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін жұмыс орындарын құруға жол ашады.

Сонымен бірге мемлекет өз шаруашылығын дамытуға инвестиция салатын аграрлық сала өкілдерінің құқықтарын қорғауды күшейтуде. Арнайы құрылған жұмыс тобы мен бекітілген әдістемелік ұсынымдар фермерлердің адалдығын бағалаудың нақты жүйесін қалыптастырды, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мерзімдерін белгіледі және жер пайдалану құқығын ұзарту тәртібін жеңілдетті.

Топырақты қорғау саласында да маңызды өзгерістер енгізілуде. 2026 жылғы шілдеде «Топырақты қорғау туралы» Заң күшіне енді. Құжатта жердің құнарлылығын сақтауға басымдық беріліп, жер пайдаланушылардың жауапкершілігі күшейтілді.

Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын қалыптастыру аясында биыл 7 млн гектар аумақта топырақ зерттеулері, 7,5 млн гектарда геоботаникалық зерттеулер және 4 млн гектарда агрохимиялық зерттеулер жүргізілді. Ал жерді бағалаудың цифрлық материалдарымен 53,5 млн гектар аумақ қамтылды. Зерттеу нәтижесінде қалпына келтіру шараларын қажет ететін 2,7 млн гектар деградацияға ұшыраған жер анықталды.

Алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлу тетігі толығымен электрондық форматқа көшіріледі.

«Электрондық конкурстар өткізу адам факторын болдырмауға және жер комиссияларының институционалдық жұмысынан бас тартуға мүмкіндік береді. Жаңартылған цифрлық жүйені техникалық тестілеу және оның функционалдық мүмкіндіктерін бағалау заң нормалары ресми түрде күшіне енгенге дейін Ақмола облысы мен Жетісу облысының аумағында пилоттық жоба аясында жүргізіледі», – деді Мұрат Теміржанов.

Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге қатысты мораторийдің мерзімі аяқталуына байланысты оны 2031 жылдың соңына дейін ұзартуды көздейтін түзетулер әзірленді.

Мұрат Теміржанов жерлерді қайтару және қайта бөлу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмаларына қатаң сәйкес жалғасатынын атап өтті.
Post #17582 102
AGROPRESS 🔹 Еңбек адамы. Аманғос Төлеуовтің даладағы дара жолы 📍Биыл күзде Аманғос Төлеуов 77 жасқа толады. Оның саналы ғұмырының қырық жылдан астамы Ақтөбе облысының Ресеймен шектесетін, елді мекендері бір-бірінен шалғай орналасқан өңірдегі «Степное» шаруашылығымен…
🔹 Еңбек адамы. Степное дело Амангоса Тулеуова

📍Осенью Амангосу Тулеуову исполнится 77 лет. Более сорока лет его профессиональная жизнь связана с хозяйством «Степное», расположенным в одном из самых отдалённых населённых пунктов Актюбинской области, у российской границы.

За эти годы страна пережила серьёзные экономические перемены. Менялись формы хозяйствования, техника и технологии, подходы к организации сельскохозяйственного производства. «Степному» пришлось пройти через перестройку, сложные 1990-е годы и последующие преобразования аграрного сектора.

Сегодня ТОО «Степное» — многоотраслевое хозяйство с 25 тысячами гектаров посевных площадей, развитым животноводством и собственной переработкой. Здесь выращивают зерновые и масличные культуры, работают мельница, колбасный цех и пекарня.

Но нынешний масштаб предприятия стал возможен благодаря решениям, которые принимались в годы, когда будущее многих хозяйств оставалось неопределённым.

В советские годы в регионе насчитывалось 153 хозяйства. После распада прежней системы многие из них прекратили существование. Производственная база приходила в упадок, земельные паи распределялись между владельцами, сокращались рабочие места.

В «Степном» решили сохранить хозяйство как единое предприятие. Земельные паи оставили в товариществе, сохранили технику и производственную базу, продолжили работу социальных объектов.

Амангос Тулеуов к тому времени уже имел значительный опыт работы в сельском хозяйстве. Выпускник Уральского сельскохозяйственного института, по образованию зоотехник, он возглавил специализированное хозяйственное объединение ещё в советские годы. Затем ему пришлось руководить хозяйством уже в условиях перехода к новой экономической системе.

В 1990-е годы основными задачами стали сохранение производства и рабочих мест. При этом в хозяйстве продолжали заниматься вопросами, которые напрямую касались жизни села.

В те годы было важно не допустить исчезновения привычной для жителей социальной инфраструктуры.

«Есть детский сад, который мы не дали приватизировать, работает школа, амбулатория. В сложные 90-е мы построили Дом культуры. Улицы асфальтированы, в домах есть газ и вода», — рассказывает руководитель хозяйства.

С 1991 года школьники из нескольких населённых пунктов Каргалинского района получают горячее питание. В 1990-е годы «Степное» также участвовало в благоустройстве улиц, обеспечении электроснабжения, развитии водопроводных и газовых сетей.

Сегодня в «Степном» занимаются растениеводством и животноводством, перерабатывают собственную продукцию. Развитие переработки позволило дополнить традиционное сельскохозяйственное производство новыми направлениями.

Отдельное внимание уделяется вопросам исторической памяти и сохранению культурного наследия родного края.

Труд и общественная деятельность руководителя крупного агроформирования отмечены государственными наградами. Среди них — звания «Қазақстанның Еңбек Ері» и «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ордена «Знак Почёта», «Құрмет» и «Отан».

Звание «Қазақстанның Еңбек Ері» он получил из рук Главы государства на форуме работников сельского хозяйства.

«Это всё благодаря труду людей. И награда, которую я получил, тоже общая», — говорит Амангос Тулеуов.
Post #17581 113
AGROPRESS Photo
🔹 Еңбек адамы. Аманғос Төлеуовтің даладағы дара жолы

📍Биыл күзде Аманғос Төлеуов 77 жасқа толады. Оның саналы ғұмырының қырық жылдан астамы Ақтөбе облысының Ресеймен шектесетін, елді мекендері бір-бірінен шалғай орналасқан өңірдегі «Степное» шаруашылығымен тығыз байланысты.

Осы жылдар ішінде ел өмірінде талай өзгеріс болды. Экономикалық жүйе жаңарды, шаруашылық жүргізудің тәртібі өзгерді. Ауыл шаруашылығына жаңа техника мен технологиялар келе бастады. Өндірісті ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері де жаңаша сипат алды.

«Степное» шаруашылығы да осы өзгерістердің барлығын бастан өткерді: қайта құру кезеңі, тоқсаныншы жылдардың тоқырауы мен қиындықтары, одан кейінгі аграрлық саланың жаңа даму кезеңі.

Бүгінде «Степное» серіктестігі — 25 мың гектар егістік алқабы бар, мал шаруашылығын дамытып, өз өнімін өзі өңдейтін іргелі көпсалалы шаруашылық. Мұнда астық және майлы дақылдар өсіріледі. Шаруашылыққа қарасты диірмен, шұжық цехы мен наубайхана жұмыс істейді.

Алайда бүгінгі толымды тіршіліктің негізі бір күнде қаланған жоқ. Шаруашылықтың тағдыры таразыға түскен, көптеген кәсіпорынның болашағы бұлыңғыр болған жылдары қабылданған батыл шешімдер «Степное» серіктестігінің сақталып қалуына жол ашты.

Кеңес дәуірінде бұл өңірде 153 шаруашылық болған. Кеңестік жүйе тарағаннан кейін олардың дені жұмысын тоқтатты. Өндірістік нысандар қараусыз қалып, техника тозды. Жер үлестері жеке меншік иелеріне бөлініп, жұмыс орындары қысқара бастады.

Осындай алмағайып кезеңде шаруашылықты бөлшектемей, біртұтас құрылым ретінде сақтап қалу туралы шешім қабылданды. Жер үлестері серіктестік құрамында қалды. Техника мен өндірістік база сақталды. Әлеуметтік нысандардың да жұмысы тоқтаған жоқ.

Аманғос Төлеуовтің бұл салада тәжірибесі жеткілікті еді. Орал ауыл шаруашылығы институтын зоотехник мамандығы бойынша тәмамдаған ол кеңес заманында-ақ мамандандырылған шаруашылық бірлестігін басқарған. Ал ел нарықтық экономикаға бет бұрған тұста шаруашылықтың тізгінін жаңа жағдайда ұстауға тура келді.

Тоқсаныншы жылдары басты мақсат — өндірісті тоқтатпау, ең бастысы, адамдарды жұмыспен қамту болды. Бірақ шаруашылық басшылығы ауылдың әлеуметтік мәселелерін де назардан тыс қалдырмады.

Өйткені ол кезде ауылдың қалыпты тіршілігіне қажетті нысандардың сақталуының өзі үлкен мәселе еді.

«Балабақшаны жекешелендіріп жіберуге жол бермедік. Мектеп пен амбулатория жұмыс істеп тұрды. Тоқсаныншы жылдардың ең қиын кезінде Мәдениет үйін салдық. Көшелерге асфальт төселді, үйлерге газ бен су кіргізілді», — дейді шаруашылық басшысы.

1991 жылдан бері Қарғалы ауданының бірнеше елді мекеніндегі мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылып келеді. Тоқсаныншы жылдары аталған шаруашылық ауыл көшелерін абаттандыруға, елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етуге, су құбыры мен газ желілерін тартуға да атсалысты.

Бүгінде шаруашылық егін және мал шаруашылығын қатар дамытып, өндірілген өнімді өз ішінде өңдеуге басымдық беріп отыр. Өңдеу өндірісінің жолға қойылуы ауыл шаруашылығының дәстүрлі бағыттарын жаңа мүмкіндіктермен толықтырды.

Шаруашылықта туған өлкенің тарихын ұлықтау, тарихи жадты сақтау және мәдени мұраны дәріптеу ісіне де ерекше мән беріледі.

Ірі агроқұрылымды басқарып отырған Аманғос Төлеуов елеулі еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған. Ол «Құрмет белгісі», «Құрмет» және «Отан» ордендерімен марапатталған.

Ал ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің кезекті форумында Президенттің қолынан жоғары мемлекеттік марапат — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған.

«Мұның бәрі — халықтың, еңбек еткен адамдардың елеулі еңбегінің нәтижесі. Мен алған марапаттың барлығы баршаға ортақ», — дейді Аманғос Төлеуов.
Post #17572 72

Forwarded from UKIMET

📌 Реализация Послания Президента: доля переработки сельхозсырья в Казахстане выросла почти вдвое

В рамках исполнения поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данного в Послании народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию», Правительство ведет работу по переходу от экспорта сырья к выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью. Расширяются перерабатывающие мощности, внедряются современные технологии и развиваются производства последующих переделов.

🌾 Доля переработки основных видов сельхозсырья выросла с 35% до 64%

По мясу, молоку, масличным культурам, кукурузе, рису и гречихе доля переработки в 2023–2025 годах увеличилась с 35% до 64%. К концу 2026 года показатель планируется довести до 70%. В 2024–2026 годах на финансирование оборотных средств перерабатывающих предприятий направлено порядка 230 млрд теңге.

🏭 В глубокую переработку зерна планируется привлечь около $4 млрд инвестиций

Сформирован портфель из шести крупных проектов общей стоимостью около $4 млрд, которые до 2029 года должны создать мощности по переработке порядка 5,8 млн тонн сырья ежегодно. Производственная программа включает крахмал, глютен, сиропы, биоэтанол, аминокислоты, кормовые компоненты и другую продукцию высокого передела.

📈 Производство биоэтанола выросло в 2,2 раза

В 2025 году выпуск биоэтанола достиг 21 тыс. тонн, увеличившись в 2,2 раза. Производство крахмалопродуктов составило около 152 тыс. тонн, что на 28,2% больше, чем годом ранее. За первое полугодие 2026 года произведено 67,5 тыс. тонн крахмалопродуктов, более половины из которых экспортировано.

🥩 В стране работают около 210 мясоперерабатывающих и 180 молокоперерабатывающих предприятий

В масложировой отрасли действует около 90 предприятий мощностью свыше 4,5 млн тонн сырья в год, а более 90% выращенного подсолнечника уже перерабатывается внутри страны. Расширяется производство мясных консервов, полуфабрикатов, кисломолочной и другой готовой продукции.

🎯 К 2030 году долю переработанной продукции в аграрном экспорте планируется довести до 70%

Среди ключевых ориентиров — увеличение доли переработанной продукции в аграрном экспорте до 70% и реализация шести крупных проектов глубокой переработки зерна мощностью около 5,8 млн тонн сырья в год.

🟦 Развитие глубокой переработки позволяет эффективнее использовать отечественную сырьевую базу, увеличивать выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью и укреплять связь между сельским хозяйством и промышленностью.

🔎 О развитии переработки сельхозсырья и выпуске продукции с высокой добавленной стоимостью — в обзоре редакции PrimeMinister.kz.

📱 @KZgovernment
Older posts →

About this channel

How can I read @agropresskz without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for AGROPRESS: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does AGROPRESS have?
AGROPRESS (@agropresskz) has 2.01K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does AGROPRESS know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →